Текст
Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным -
біліктерін шыңдау.
Тілдер апталығының күніне орай «Алты алаштың ақиық ақыны-Мағжан» атты тақырыппен 8 –сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт», «Батыр баян», «Жүсіпхан» туындылары
жайлы қосымша ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылар Сөзжұмбақ құрастырды. Сөзжұмбақ Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты құрастырылды.
«Қазақ тілі» өлеңнің негізгі идеясын, мазмұнын талдап, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.