30 сәуірде біздің мектепте 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Осы іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; оларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; әр түрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсету. Осы күні біз оқушылар ұйымдастырған халықтар шеруін тамашаладық. Балалар түрлі ұлттардың костюмдерін көрсетіп қана қоймай, әр халықтың мәдениетімен таныстырды. Осы күні біз бір сахнада қазақ, орыс, қырғыз, белорус, армян және сыған халықтарының билерін көрдік. Концерт табиғаттың көктемгі оянуын сезініп қана қоймай, 1 мамырды барша қазақстандықтарды ортақ мереке ретінде қабылдауын да сыйлады. "1 мамыр көктем мерекесі еліміздің барлық этностарын жақындастыруы тиіс-бұл Тәуелсіз Қазақстанның ең басты белгілерінің бірі".