2018 жылдың 16 ақпан айында 5,7 сыныптарда Жанар Кайраткалиевна Бектемисованың жетекшілігімен сабақтан тыс ашық сынып сағаты «Сөзмерген» сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушыларды өз ана тілін дамыту, ұлттық
сана-сезімді қалыптастыру, ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру. Сайыс арқылы ойын нақты жеткізіп, тапқырлық пен салмақты айтуға, сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс ұлағатты , ғибратты сөздерге толы боллды. Оқушылар өз қабілеттерін, бақтарын сынға салып, сайысты жандандыра түсті. Көрермендермен де сайыс сәті өткізілді.
Сайыс соңында ең үздік «Сөзмерген» шебері анықталып, тиісті мадақтама мен сыйлық табысталды. Қатысқан оқушылар мен көрермендерге де белсенділік танытқаны үшін алғыс хат табысталды.