Бала – базарың мен назарың да, жанарың мен ажарың да, бақытың да! Табиғат бізге бүгінгі күнге жылы күннің шуағын сыйлады. Бүгінгі күн екі есеге шаттанатын күн. Жаздың алғашқы күні көптеген елдерде Халықаралық балалар күні тойланады. Бұл мереке қазақстандықтарға «Балаларды қорғау күні» ретінде таныс. Яғни, бүгін 2017 жылдың 1 маусымы «Балаларды қорғау күні!» «Барақкөл негізгі мектебі» КММ –де мектепке қарасты «Айгөлек»
шағын-орталық тәрбиешісі Г.К. Алсеитова және мәдениет үйі меңгерушісі А.С. Аданбаеваның жетекшілігімен «Балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік бағдарламаға мерекенің сәні ертегілер кейіпкерлері сайқымазақ «Смешинкин» мен «Врака Забияка» қатысты. Олар көптеген қызықты ойындар, көңілді билер, эстафеталар, флешмобтар ұйымдастырып, балалардың көңіл-күйлерін көтерді. Жүргізушілер балалардың назарын елітіп алды. «Айгөлек» шағын-орталық тәрбиеленушілері «Чика-Рика» флешмобын орындады. 7-8 сынып оқушылары балалар әндерін орындады. Барлық балаларға ЖШС «US AGRO» (директор У.С. Арипов) демеуімен арнайы тәтті сыйлықтар тарту етіліп, мереке соңында шайхана ұйымдастырылды.