Текст
Мектепте сәуір айының 19 жұлдызында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімінің жетекшілігімен «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Байқау 3 номинациядан тұрды. Әділ-қазылар алқасы тағайындалды. Қатысушы оқушылар номинацияға сай өнер көрсетті. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері, тамылжыған әндері сүйіспеншілікпен орындалды. Байқау соңында әділ-қазылардың шешімімен әр оқушыға тиісті жүлделер табысталды.