Текст
6 сәуір күні мектепте мектепішілік оқушылар мен мұғалімдер аралығында "Денсаулық күнін" атап өту мақсатында "Көңілді старт" атты мерекелік іс-шара эстафетасы өткізілді. Іс-шара мақсаты: оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ұйымшылдық, бірлікті нығайту, денсаулық кепілін ұстану, ептілік, тапқырлық, шапшаңдықты арттыру. Эстафета 3 командадан тұрып, әр команданың ұраны, эмблемасы, сонымен қатар көптеген ептілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулитын тапсырмалар берілді. Қатысушылар белсенділік танытып, эстафета өте көңілді өтті.